Кофеханадағы жанжал: Шымкентте қызға стақан лақтырған ер адам ұсталды

Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінде қызға шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Полицияның мәліметінше, ол қызға шыны стақан лақтырып, жарақаттаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жазба авторының айтуынша, қыздар көрші үстелде отырған ер адамдардан дауыстарын бәсеңдетуді сұраған. Осыдан кейін ер адамдар олармен танысуға әрекеттенгенімен, қыздар бас тартқан.  

– 25 қарашада Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінде келушілер арасында жанжал болды. Ер адам әйелге шабуыл жасап, оған шыны ыдысты лақтырған. Салдарынан әйелдің беті мен қолы жарақаттанды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар