Сарыағаш ауданында интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтілуде. «Киберқалқан: интернет-алаяқтыққа қарсы науқан» аясында аудандық полиция басқармасы кешенді іс-шаралар жүргізіп, тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігін арттыруды мақсат етіп отыр. Қазіргі таңда алаяқтықтың жаңа түрлері көбейгендіктен, сақтық шаралары бұрынғыдан да маңызды бола түсті.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Ережеп Тұрғынбайұлы





