Қауырт жұмыстан шаршағанда таза ауаға шығып, жасыл желек арасында серуендегенге не жетсін?! Көпшіліктің көңіл сергітіп, күйкі тірліктен бір сәтке болса да тынығуына мүмкіндік беретін саябақтар бүгінде Келес ауданында көбейіп келеді. Ермеков Байбек атасының әзіз атын ардақтаған кәсіпкер ауданның көркеюіне үлесін қосып келеді. Көпшіліктің көңіл сергітер орнына айналған саябақтың жандануы үшін тынбай еңбек етіп, өз есебінен демеушілік танытып отыр.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Ережеп Тұрғынбайұлы