Түркістанның рухани-мәдени елорда мәртебесін көтеру мақсатында белсенді жұмыстар атқарылып жатқаны баршамызға мәлім. Келе жатқан ұлттық мейрам – Наурыз мерекесін облыста 10 күн бойы атап өту жоспарланған. Бастама облыс әкімі – Дархан Сатыбалдының қолдауымен жүзеге аспақ. Осыған орай, мереке қарсаңында киелі Келес ауданында таңғы сағат 08:00-де «Наурыз – саулықтың кепілі» атты мерекелік жалпыұлттық жүгіру марафоны ұйымдастырылды. Нақтырақ, арнайы барып келген әріптесім Фариза Мүсілім жалғайды.
Авторлар: Фариза Мүсілім, Айдос Дәулет