
«Соғыстың салдары медицина саласына да соққы болды. Әлемде гелий тапшы бола бастады. Гелий өндіріс пен қатар медицинада аса сұранысқа ие. Әсіресе МРТ құралдары мұнсыз жұмыс істей алмайды»,- деп хабарлайды 24 kz.
Гелий тапшылығына басты себеп – Иранның Катардағы Рас-Лаффан өнеркәсіптік аймағына соққы беруі. Бұл орталық әлемдегі табиғи газ өндірісіндегі ең ірі кешен саналады.
Қатар әлемдік гелий өндірісінің шамамен үштен бірін қамтамасыз етеді. Алайда елдегі нысандарға келтірілген зақым салдарынан алдағы уақытта оның көлемі күрт азаюы мүмкін дейді мамандар. Қазірдің өзінде тасымал кешігіп, жүк жеткізу уақытында жүзеге аспай отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл газдың орнын толық басатын балама жоқ.
ЦИТАТА: Дэн Хатчесон, Techinsights компаниясы төрағасының орынбасары:
– Гелий өте маңызды ресурс. Онсыз заманауи микросхемалар өндіру мүмкін емес. Оның баламасы жоқ.
Ал медицина саласында жағдай әлдеқайда күрделі. Себебі МРТ аппараттарының жұмысы тікелей сұйық гелийге байланысты. Ол аса төмен температураны сақтап, құрылғылардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Егер гелий көлемі жеткіліксіз болса, МРТ құрылғыларының жұмысын тоқтатуға тура келеді. Бұл өз кезегінде медициналық диагностикаға кері әсер етуі ықтимал.
ЦИТАТА: Тобиас Гилк, МРТ қауіпсіздігі жөніндегі кеңесші:
– МРТ аппараттары жұмыс істеуі үшін гелий өте төмен температураны ұстап тұруы керек. Бұл шамамен минус 269 градус. Егер гелий жетіспесе, құрылғы істемейді. Ондай жағдайда ол тек қымбат, бірақ пайдасы жоқ құрылғыға айналады.
Гелий табиғи газ өндіру кезінде алынатын қосалқы өнім. Сондықтан оны тек Қатар ғана емес, АҚШ, Алжир және Канада да өндіреді. Сарапшылардың айтуынша, жағдайдың қалай өрбитіні іркілістің қанша уақытқа созылатынына байланысты. Егер мәселе ұзаққа созылса, оның салдары да айқынырақ сезілуі мүмкін.
Дереккөз: 24 kz


