
Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды.
Еліміздің атынан бірінші болып U19 санатындағы Камила Оспанова (70 келі) шықты.
Бокс федерациясы мәліметінше, отандасымыз ақтық сында әлем чемпионы, Өзбекстан боксшысы Мафтуна Янгиевамен жұдырықтасып, 3-раундтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен басым түсті.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


