
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ипотека алу шарттары өзгереді. Бұл талаптарды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бірге бекітті.
Енді банктер ипотека бойынша пайызды бәріне бірдей емес, әр адамның бастапқы жарнасына қарай қояды.
Егер сіз үйдің кемінде 30%-ын өзіңіз төлей алсаңыз (яғни бастапқы жарна көп болса), онда ипотеканың пайызы 20%-дан аспайды. Ал егер бастапқы жарна аз болса (30%-дан төмен), онда пайыз жоғары болады. 25%-ға дейін жетпек.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


