
Қазіргі цифрлық дәуірде интернет адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда оның пайдасымен қатар, түрлі қауіп-қатерлері де көбейді.
Соның ішінде интернет алаяқтығы – бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл қылмыстың түрі күн сайын күрделеніп, оны жасаушылардың әдіс-тәсілдері жаңаруда.
Интернет алаяқтығы әртүрлі формада көрініс табуда, оның кең таралған түрлеріне тоқталсақ:
1: Қаржылық алаяқтық – әртүрлі инвестициялық жобалар, жылдам ақша табудың оңай жолдарын ұсынып, азаматтардың ақшасын алдап алу;
2: Онлайн сауда алаяқтары – тауарды төмен бағамен ұсынып, алдын ала төлем жасатып, тауарды жібермей бой тасалап кетуде;
3: Жалған лотереялар мен ұтыстар – қолданушыға оның үлкен сыйлық ұтқанын айтып, оны алу үшін алдын ала төлем жасауын сұрайды;
4: Вирус және зиянды бағдарламалар – компьютерге немесе телефонға зиянды бағдарлама орнату арқылы жеке ақпаратты ұрлау арқылы жасалады.
Интернет алаяқтық тек жеке азаматтарға ғана емес, бүкіл қоғамға айтарлықтай зиян тигізуде. Қаржылық шығындардан бөлек, азаматтардың психологиялық күйзелісіне алып келеді.
Сонымен қатар, халықтың интернетке, онлайн қызметтерге деген сенімін азайтады, бұл цифрлық дамуды тежейді.
Интернет алаяқтықтан қорғану үшін әрбір адам киберқауіпсіздік негіздерін білуі және сақтауы қажет, атап айтқанда:
Бейтаныс азаматтар жіберген сілтемелерге кірмеу, күмәнді хаттарды ашпау;
Жеке ақпаратты (пароль, банк картасының мәліметтері) ешкімге бермеу;
Тек сенімді интернет-дүкендерден ғана сауда жасау;
Компьютер мен телефонға антивирус бағдарламаларын орнатып, жүйелі түрде жаңартып отыру;
Күмәнді қаржылық ұсыныстардан бас тартау және әрқашан ақпаратты ресми дереккөздерден тексеру қажет.
Интернет алаяқтығының құрбаны болмас үшін әрбір азамат сақтық шараларын ұстанып, сандық сауаттылығын арттыруы қажет. Тек осылай ғана біз алаяқтардың арбауына түспей, қауіпсіз интернет кеңістігін қалыптастыра аламыз.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


