
Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығының SunExpress авиакомпаниясымен келіссөздерінің қорытындысы бойынша 2026 жылғы 31 шілдеден бастап Измир – Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей рейстер іске қосылады.

Рейстер аптасына екі рет 2026 жылдың қазан айының соңына дейін орындалады.
Жаңа бағыт Қазақстан азаматтары, студенттер, туристер және бизнес өкілдері үшін сапарларды едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі


