Мансап орталығы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін мемлекеттік мекеме. Оның негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал ету, жұмыс берушілерді қажетті кадрлармен қамтамасыз ету және еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты үйлестіру. Сонымен қатар жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатып, өңірдегі бос жұмыс орындарының базасын тұрақты жаңартып отырады.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Марат Жолдас




