Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары Асылбек Туршеков аудан тұрғындарының көшпелі жеке қабылдауын Жібек жолы ауылдық округінде қорытындылады. Қабылдауға ауыл әкімі, сала мамандары және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, ауыл халқының өтініш-шағымдары тыңдалды. Еркін форматта өткен кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған әлеуметтік, құқықтық және тұрмыстық мәселелерін ортаға салды.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Ережеп Тұрғынбайұлы