Ауыл тұрғындарының рухани өмірінің орталығына айналатын әлеуметтік маңызы бар нысандардың бірі – мәдениет үйі және кітапаханалар. Сарыағаш ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандардың саны жыл сайын артуда. Солардың бірі Жылға ауылдық округінде бой көтеруде. Осы ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаевтың Жылға ауылдық округіне жұмыс сапары барысында 75 орындық мәдениет үйімен кітапхананың құрылыс жұмыстарының жай-күйін бақылап, мердігермен кездесті.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Ерееп Түрғынбайұлы