Еліміздің өңірлерінде қысқы жылыту маусымына дайындық пысықталды. Осыған орай, Келес ауданында да қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде арнайы мамандар тұрғындармен кездесіп, жылыту маусымындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Нұрдәулет Жолбарыс