Жол құрылысы мамандарын даярлау үшін 750 білім беру гранты бөлінді

Фото: ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

2025 жылы жолшыларды даярлау үшін мемлекет тарапынан «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасын оқуға 750 білім беру гранты бөлінді. Бүгінде «Көлік құрылысы» бағыты бойынша грантпен алты жоғары оқу орнына түсуге болады.

Олардың қатарында Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Халықаралық көлік және гуманитарлық университет, А. Сәғинов атындағы Қарағанды техникалық университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Логистика және көлік академиясы және С. Торайғыров атындағы Павлодар университеті бар.

Аталған мамандықты таңдаған талапкерлер сұранысқа ие кәсіпті меңгеруге, заманауи инженерлік дағдыларды игеруге және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға мүмкіндік алады.

ҚР Көлік министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтының бірлескен жұмысының нәтижесінде былтырдан бастап елімізде «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша бағдарлама қайта жанданды.

Дереккөз: ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар