
Жаңа куәлік алған Қазақстан азаматтары «туған жері» бағанында елдің атауы көрсетілгенін айтып жүр.
ҚР Ішкі істер министрлігі құжатқа енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзгеріс 2025 жылдың наурыз айында күшіне енген.
«Туған жері» бағанында енді қала немесе елді мекен емес, тек елдің атауы жазылады. Сондықтан, Қазақстанда туған азаматтардың жеке куәліктерінде «Қазақстан» деп көрсетіледі. Шетелде дүниеге келген азаматтардың да туған жері ретінде сол елдің атауы жазылады.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


