Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округінің Атақоныс елді мекенінде жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді. Ауыл халқы үшін маңызды әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлы Ағыбаев қатысып, тұрғындарды жаңа медициналық мекеменің іске қосылуымен құттықтады.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Марат Жолдас





