Сарыағаш ауданында орналасқан «Мадияр-2018» балабақшасының бүлдіршіндері Жаңа жыл мерекесін тойлады. Шараның жоғары дәрежеде өтуіне тәрбиешілер мен мереке кейіпкерлерінің бейнесіндегі өнерпаздар да атсалысты. Бүлдіршіндер би билеп, өлең оқып, өз өнерлерін көрсетті.