2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында елдің болашақ дамуына қатысты маңызды мәселелер қозғалды. Аталған жаңашылдықтан хабардар болу үшін Сарыағаш ауданында тыңдалым өтті. Жолдаудың негізгі бағыттары — еліміздің Тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайту, экономиканы дамыту, саяси реформаларды жүзеге асыру, білім мен ғылымның сапасын арттыру. Сонымен қатар заманауи технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың әл-ауқатын жақсарту және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылады. Бұл бағыттардың барлығы Қазақстанның тұрақты дамуына және халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрболат Еркін





