
Жапония билігі ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін ұлттық мұнай қорынан 20 күндік қорды босатпақ. Қазір олар бірқатар елдермен мұнай жеткізу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Жапония мұнайдың 95%-ын Таяу Шығыстан сатып алып келген. Алайда Ормуз бұғазы жабылып, жағдай қиындап жатыр. Сондықтан Токио Таяу Шығыс мұнайының орнына Қазақстан мұнайына көшуі мүмкін.
Жапония Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Малайзия, Латын Америкасы мен Африка елдеріндегі жеткізушілерге де жүгінген.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


