
Дүмпу Жапонияның солтүстік-шығыс жағалауында сезілді. Қуаты 7,4-7,5 магнитуда.
Ел билігі цунами қаупі төніп тұрғанын ескертті. Толқын биіктігі 3 метрге дейін жетуі мүмкін дейді. Ескертуге сәйкес, цунами Ивате, Аомори және Хоккайдо жағалауларында болуы мүмкін.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


