Жамбыл облысында ер адам әйеліне телефон соққаны үшін 10 тәулікке қамалды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

2026 жылдың маусымында әйел полицияға қоңырау шалып, оның заңды жұбайы тұрғылықты жеріне келіп, оған бірнеше рет қоңырау шалып, осылайша тыныштығын бұзғанын айтқан. Өз әрекеттерімен ер адам тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларынан кейін сол айда берілген қорғау нұсқамасын бұзған.

Сот ер адамның кінәсі дәлелденген деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді.

Дереккөз: @baq_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар