ЖАЛҒАН АҚПАРАТТЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ЕМЕС, АҚИҚАТТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ МАҢЫЗДЫ

Ақпарат тарату еркіндігі жауапкершіліктен бөлек қаралмауы керек!

Әлеуметтік желіде бір ақпаратты бірнеше секундта мыңдаған адамға жеткізуге болады. Бірақ жылдам тараған мәліметтің бәрі шындыққа сәйкес келе бермейді. Тексерілмеген хабар қоғамда түсінбеушілік туғызып, адамның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Қазақстан Конституциясының 23-бабы сөз және шығармашылық еркіндігіне кепілдік береді, ақпаратты заңмен тыйым салынбаған тәсілдермен алу мен тарату құқығын бекітеді. Сонымен қатар ақпарат тарату өзге адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеуге тиіс.

Түркістан облысында туризм саласы дамып, тарихи орындарға келушілер саны артып келеді. 2025 жылы өңірдегі тарихи-мәдени нысандарға шамамен 1 миллион адам барған. Мұндай жағдайда әлеуметтік желіде тарайтын ақпараттың дәлдігі өңірдің қоғамдық беделіне де, туристік тартымдылығына да әсер етуі мүмкін.

Сондықтан ақпарат жарияламас бұрын оның бастапқы дереккөзін тексеру, ресми мәліметпен салыстыру және күмәнді хабарды дәлелсіз таратпау маңызды.

Ақпарат еркіндігі – шындықты бұрмалау еркіндігі емес. Ақпаратқа сенім дәлдік пен жауапкершіліктен қалыптасады.

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар