Келес өңірі – ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге қолайлы жер. Әсіресе, Жамбыл ауылдық округінде мал басын көбейту және асылдандыру ісі жақсы дамыған. Мысал ретінде, тірлігі алға дөңгелеген Бекбота елді мекеніндегі шаруаның бірін айтсақ, Сырлыбай Исақов. Еңбек етуден шаршамаған һәм бейнетінің зейнетін көріп жүрген шаруаның тындырымды тірліктері туралы алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Қуаныш Амангелдіұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы