Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Сарыағаш аудандық орталық кітапханасында «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты тағылымды жиын өтті. Бұл басқосуға ел еңсесін еңбегімен көтеріп жүрген, көп қырлы тұлға Жарқынбек Үсен Баймаханұлы арнайы қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Шараның негізгі мақсаты – еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін арттыру, жастарға үлгі көрсетіп, оларды адал еңбекке баулу болып табылады.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрдәулет Жолбарыс




