
Бордо маңындағы аудандардан ондаған мың тұрғын эвакуацияланды. Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньес өрттің бақылаудан шығып, қалаға қарай таралып жатқанын мәлімдеп, ахуалды «өте күрделі» деп бағалады.
Орман өрттері Францияға айтарлықтай әсер етті. Елдің оңтүстік-батысында шамамен 42 мың гектар орман өртенді, бұл — Екінші дүниежүзілік соғыстан бері ең ірі орман өрттерінің бірі.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


