
Еуропада табиғи газ бағасы 2022 жылдың соңынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді. Оған Ормуз бұғазы арқылы отын тасымалдау жақын арада қалпына келеді деген үміттің азаюы және Еуропада күннің суытуы туралы болжам әсер еткен.
Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, Иранның кемелерге шабуыл жасауы және еуропалық газ қоймаларындағы қордың аздығы нарықтағы алаңды күшейткен. Нидерландтағы негізгі TTF фьючерсінің бағасы мың текше метр газ үшін шамамен 1150 долларға дейін өсті. Британияда да газ бағасы 3 пайызға жуық қымбаттады.
Дегенмен, қазіргі инфляция Еуропа экономикасына 2022 жылғы энергетикалық дағдарыстағыдай қатты әсер етпеуі мүмкін. Себебі аймақтағы елдер жаңартылатын энергия көздерін дамытып, АҚШ-тан сұйытылған газ сатып алуды арттырды. Сонымен қатар, кейбір энергияны көп қажет ететін өндірістер қысқарды.
Қазір Еуропадағы газ қоймаларының толу деңгейі маусымдық тарихи көрсеткіштерден төмен, 75 пайызға да жетпейді. Сондықтан, энергетикалық қауіпсіздік мәселесі қайта өзекті болып отыр.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


