
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен жұмыс істейтін зерттеу орталығы хабарлады.
Мамандардың мәліметінше, қайтыс болғандардың 9 мыңнан астамы 65 жастан асқан азаматтар. Жоғары температура жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесі ауруларының асқынуына да себеп болған.
Маусымның соңғы аптасында өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Франция мен Бельгияда тіркелген. Ал Германияда 5 мың адамның қайтыс болғаны расталды. Англия мен Уэльсте осы кезеңде 2700-ге жуық адам көз жұмған.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


