25 қазан – Республика күніне орай, «Арыстанбаб» жоғары колледжінде колледждің негізін қалаушы Асанов Арслан Арынұлының есімін ұлықтау мақсатында волейболдан спорттық сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың ашылу салтанатына марқұмның ет жақындары, колледж ұстаздары мен білім алушылары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – көрнекті тұлғаның өнегелі өмір жолын дәріптеу, жастар арасында спортты насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрболат Еркін





