Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» атты аудандық форум өтті. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу, репродуктивті денсаулық туралы дұрыс ақпарат беру және жастардың жауапты шешім қабылдауына ықпал ету. Форум барысында дәрігерлер мен психологтар жас буынға ерте жүктіліктің медициналық және психологиялық салдары жайында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрболат Еркін





