Ердоған мен Зеленский Ыстанбұлда кездесті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Түркия Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерді қолдауды жалғастырады. Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездесуден кейін мәлімдеді. 

Екі ел басшысы сенбі күні Ыстамбұлда Долмабахче сарайында жүздесті. Бір сағатқа созылған кездесу жабық форматта өтті. Басқосуда тараптар екіжақты қарым-қатынасты, қақтығысқа қатысты бейбіт бастамаларды, сондай-ақ өңірлік және жаһандық ахуалды талқылады. Ердоған әңгіме барысында Қара теңіздегі қауіпсіздік пен энергия тасымалы тұрақтылығының маңызын атап өтті. Сондай-ақ, Киевпен екіжақты сауда көлемін арттыруға ниетті екенін жеткізді. Анкара Ыстамбұл процесі аясында Украина мен Ресей арасындағы диалогты ілгерілетуге, ұзақмерзімді дипломатияға қол жеткізуге күш салып отыр.

Дереккөз: 24.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp