Еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің үштен бірі моноқалалар үлесіне тиеді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен алынды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков моноқалалардың еліміздің өнеркәсіп өндірісіне қосар үлесі зор екенін баяндады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша олардың үлесі жалпы көлемнің 36,4%-ын құрады.

«2024 жылдың қорытындысы бойынша моноқалалардағы өнеркәсіп өндірісі көлемі 18,2 трлн теңгені құрады, ал 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,4%-ға артты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 трлн теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,4%-ға артты», – деді Бауыржан Омарбеков.

Қазіргі таңда елімізде 1,4 млн тұрғыны бар 20 моноқала бар. Онда 18 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді, олардың жұмысы аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Кәспорындар негізінен тау-кен, металлургия және энергетика салаларына негізделген.

Дереккөз: @KZgovernment

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар