
Сенат заң жобасын мақұлдады. Енді оған сәйкес, суррогат ана қызметіне Қазақстан азаматтары және ресми некеде тұрған ерлі-зайыптылар ғана жүгіне алады. Қазір қолданыстағы заңда қажет шарт бала сүйгісі келетін ерлі-зайыпты мен суррогат ананың арасында жасалатыны көрсетілген.
Алайда тапсырыс берушілер міндетті түрде «Қазақстан азаматы болуы керек» деген талап қарастырылмаған.
Енді бұл норманы өзгерту ұсынылып отыр.


