Елімізде 17 мың шақырым электр желілерін жаңғырту толық аяқталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде электр желілеріне күрделі жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстардың көлемі орындалды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Биыл 17,1 мың шақырым электр беру желісі, 444 қосалқы станция және 3,4 мыңнан астам тарату және трансформаторлық пункт жөнделді. Жұмыстар еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп, электрмен жабдықтаудың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар