Елдегі перинаталдық орталықтар жаппай тексеріледі

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

15 тамызға дейін барлық 69 перинаталдық орталыққа ауқымды тексеру жүргізіледі. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова тиісті тапсырма берді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті инфекциялық бақылау талаптарының сақталуын бағалап, аналар мен жаңа туған нәрестелердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу шараларын күшейтуге назар аударады.

Тексеру қорытындылары бойынша әрбір өңірде инфекциялық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіруге арналған жол карталары бекітіледі.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар