
Еліміздің ертеңі – әр азаматтың саналы таңдауы мен белсенді ұстанымына байланысты. Құрылтай депутаттарын сайлау – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, халықтың пікірін ескеруге бағытталған маңызды саяси науқан.
Әрбір дауыс – елдің дамуына қосылған үлес. Сондықтан сайлауға қатысу – тек құқық қана емес, әр азаматтың азаматтық парызы мен жауапкершілігі.
Белсенді қоғам ғана берік мемлекет құра алады. Өз таңдауыңызды жасау арқылы сіз елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне өз үлесіңізді қосасыз.
23 тамыз күні өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, азаматтық белсенділігіңізді көрсетіңіз!
🇰🇿 Болашағымыз – өз қолымызда! Бірге жарқын келешекке қадам басайық!





