Президентіміз Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер жайында тиісті Жарлыққа қол қойып, Қазақстан халқына үндеу жасаған болатын. Ал Конституциямызға түзетулерді енгізу бойынша Республикалық референдум маусымның 5 күні өтетіні баршаңызға белгілі. Осыған орай, біздің аймақта да рефендумға қатысты үгіт-насихат жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Қапланбек ауылдық округінің №55 Жәутіков атындағы орта мектебінде білім саласының қызметкерлерімен еліміздегі өзгерістерге байланысты жиын болып өтті. Нақтырақ тілшіміз тарқатсын.
Авторлар: Асқар Мәденов, Айдос Дәулет