Дәурен Абаев жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік шахмат олимпиадасының жүлдегерлерімен кездесті

1-11 қазан аралығында Әзірбайжанда 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтті, оған Қазақстан құрамасы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Сауат Нұрғалиев жеке есепте алтын медаль жеңіп алды, ал Иманғали Ақылбай қола жүлдегер атанды. Бүгін жарыс жүлдегерлерімен мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кездесті.

«Көптеген ірі халықаралық жарыстарда қазақ шахматшылары жеңіс тұғырынан көрініп келе жатқаны қуантады. Жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік шахмат олимпиадасы да соның айқын дәлелі. Бұл жетістік – балалардың, және олардың жаттықтырушылары мен федерацияның ауқымды әрі қажырлы жұмысының нәтижесі. Дәл осындай жеңіс шахматпен айналысуға түрткі болып, жеткіншектерімізді жігерлендіреді», – деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, жалпы командалық есепте қазақ спортшылары Үндістан мен Иранның командаларын басып озып, төрттікке кірді.

ҚР МСМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар