
9 желтоқсанда ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездеседі. Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдау және БАҚ өкілдеріне брифинг жоспарланған.
Сұрақтар мен ұсыныстарды кездесу барысында айтуға немесе D.aldabergenova@msm.gov.kz электронды мекенжайына алдын-ала жіберуге болады.
Азаматтарды жеке қабылдау бойынша қосымша ақпарат: +7 705 257 47 87 (Лаура Елеусізова, ҚР МСМ қызметкері).
БАҚ өкілдері халықпен кездесуге де қатыса алады, одан кейін брифинг өтеді. БАҚ аккредиттеу мәселесі бойынша қосымша ақпарат: +77019145588 (Гаухар Омарбек, ҚР МСМ БАҚ өзара іс-қимыл департаментінің директоры).
Өтетін орны: Тараз қаласы, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясына қарасты «Баласағұн» орталық концерт залы (Төле би көшесі, 89).
Уақыты: сағ.11:30.