Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне қатысады

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Дүниежүзілік ислам лигасының (ДИЛ) Бас хатшысы шейх Мұхаммед Әбделкарим әл-Исамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Бас хатшының елімізге алғашқы ресми сапары, сондай-ақ сапар аясында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне қатысуы талқыланды.

Сонымен қатар Елші аталмыш сапардың Қазақстанның ДИЛ-мен тұрақты байланыстарын кеңейтуге, сондай-ақ дінаралық және өркениетаралық диалог бағытындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.

Өз кезегінде Бас хатшы Дүниежүзілік ислам лигасы мен Съезд Хатшылығы арасында орнаған өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, ДИЛ өкілдері Съезд жұмысына тұрақты түрде қатысатынын хабарлады.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар