
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі бойынша негізгі тыңдалымның уақыты белгілі болды.
Белгілі болғандай аталған іс бойынша қорытынды отырыс 19 қаңтар күні өтеді.
Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахимжан Ерденбеков бұл іске байланысты соңғы шешім қабылданғанға дейін қандай да бір болжам жасап, көпшілік алдында пікір айту орынсыз екенін атап өтті.
Оның айтуынша, осы күні 8 қаңтарда алынған В допинг-сынаманың зерттеу нәтижелері де ресми түрде жарияланады.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


