Жылыжай шаруашылығы бойынша республикада көш бастап тұрған Сарыағаш ауданының диқандары қатты отынның жоқтығынан шығынға баттық деп дабыл қағуда. Тез арада көмір тапшылығы шешілмейтін болса, аяздан аман қалған өнімдерді де үсік шалу қаупі бар көрінеді. Сондықтан елде жаппай көкөніс жетіспеушілігі орын алмауы үшін жылыжайларды жылыту мәселесін мемлекеттік деңгейде шұғыл шешу қажет дейді қожалық иелері.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ережеп Тұрғынбайұлы