Джефф Безостың зымыраны жарылып кетті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Флоридадағы ғарыш айлағында жер үсті сынақтары кезінде миллиардер Джефф Безостың Blue Origin компаниясына тиесілі New Glenn зымыран тасығышы ұшу алаңында жарылып кетті.

Джефф Безос инфрақұрылымды тез қалпына келтіріп, ұшуларды жалғастыруға уәде берді. Ал SpaceX басшысы Илон Маск бұл оқиғаға «Зымыран жасау — қиын шаруа» деп пікір білдірді.

Ең қызығы, осы апатқа дейін NASA Айға арналған үш пилотсыз миссияны орындауды дәл Blue Origin-ге сеніп тапсырған еді. Енді сарапшылар жарылыстың АҚШ-тың ай бағдарламасына ықпалын талқылап жатыр.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар