Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған тұрғындармен кездесуі Дербісек ауылдық округінде жалғасын тапты. Кездесу барысында аудан басшысы өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, елді мекеннің әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына тоқталды. Кезекті есептік жиында ауылдағы жол, жарықтандыру, тұрғын үй және білім саласында жүзеге асқан жұмыстар егжей-тегжейлі айтылды.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Нұрдәулет Жолбарыс




