Аңқасы кеуіп, кенезесі кебірсіген дербісектіктер, ауыз судың жоқтығынан әбден ызалы. Күні кеше аудан әкімі Мұхит Отаршиев Дербісек жұртшылығымен кездесіп, олардың түйткілді мәселелерін тыңдап, тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Жиында халық бөлім басшыларын сынға алып, атқарып жатқан жұмыстарына көңілі толмайтындықтарын жеткізді. Кездесу басында әкім мырза, әдеттегідей, өткен кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған талап-тілектердің орындалып жатқаны турасында баяндама жасады.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Айдос Дәулет