Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы демографиялық өсім бойынша республикада көш бастап тұр. Статистикаға сүйенсек, өңірде тәулігіне 150-ге жуық бала өмірге келеді екен. 2 миллионнан астам тұрғыны бар облыста соңғы 5 жылда 237 762 нәресте туылған. Орта есеппен алатын болсақ, жылына 60 мыңға жуық бала дүние есігін ашады. Бала туу көрсеткіштері артқан сайын, сәйкесінше мектепке баратын бүлдіршіндер саны да көбейеді. Ал бұл – аймақтағы мектеп тапшылығын тудыратын негізгі фактор болып саналады. Дегенмен Дербісек ауылының жұртшылығын мұндай проблема алаңдатпайды. Себебі округте бір емес, екі білім беру нысанының құрылысы жүріп жатыр.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ережеп Тұрғынбайұлы