1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай, Сарыағаш қаласындағы «Азия Мед» медициналық клиникасы ерекше мерекелік шара ұйымдастырды. Көпшілік қатысқан бұл іс-шараға клиникаға тіркелген алты жасқа дейінгі балалар шақырылып, олар үшін қызықты ойындар мен сайыстар өткізілді. Балалардың көңілін көтеру үшін сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің бейнесіндегі қуыршақтар да шараға арнайы келді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Бағлан Еркінбекұлы