
Грекияның Хиос аралындағы Вики ауданында орман алқабынан өрт шықты. Жалынды ауыздықтауға жердегі өрт сөндіру бөлімшелерімен қатар екі өрт сөндіру ұшағы мен үш тікұшақ жұмылдырылды. Бұл туралы Анадолы агенттігі сілтеме жасап хабарлады.
Грекияның Азаматтық қорғау жөніндегі бас хатшылығы өрт болған аймақтағы тұрғындардың ұялы телефондарына шұғыл хабарлама жіберіп, билік өкілдерінің нұсқауларын орындауға үндеді.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


