Гиннесстің рекордтар тізімі жаңартылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Әйгілі кітап әлемнің түкпір-түкпірінде тіркелген бірнеше жоғары көрсеткішпен толықты. Олардың ішінде бойы 199 сантиметр алып жылқы бар. Ұлыбританияда өсірілген жануар шайр тұқымына жатады.

Бұдан бөлек, көлемі бір бөлмедей болатын шаш кептіргіш елде жоқ құрал ретінде тізімге енді. Оны жасау үшін өндірісте қолданатын желдеткіш пайдаланылған.

Ал жаңазелендиялық Эмма Филлипс 33 секунд тоқтамай үстелді аяғымен 77 рет айналдырған.

Сондай-ақбір адамға арналған ең кішкентай автокөлік те жаңа рекордтардың қатарынан көрінді.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар