
Еңбек дауы машина жасау өнеркәсібіндегі 3,7 миллион жұмысшының еңбекақысына қатысты туындаған. IG Metall кәсіподағы жалақыны 12 ай ішінде 5 пайызға арттыруды талап етіп отыр.
Алғашқы ескерту ереуілі Thyssenkrupp компаниясының Rasselstein бөлімшесінде өтті. Оған кәсіпорынның шамамен 300 қызметкері мен көршілес компаниялардың жұмысшылары қатысты.
Жұмыс берушілер 2027 жылдың жазында жылдық жалақының 1 пайызы көлемінде біржолғы төлем жасауды, ал 2028 жылдың шілдесінен еңбекақыны 1,3 пайызға көтеруді ұсынған. Олар автомобиль өнеркәсібіндегі дағдарысқа байланысты шығындарды қысқартуға мәжбүр екенін айтады.
Дереккөз: @baq_kz


