
Жылыту маусымының басталуына байланысты Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарды қауіпсіздік шараларын күшейтіп, тұрмыстық қауіптің алдын алуға шақырады!
Қауіпсіздік — әр отбасының жауапкершілігі. Сондықтан төмендегі ережелерді сақтау өте маңызды.
Улы газдан уланудың алдын алу үшін қауіпсіздік шаралары:
Пештер мен жылыту қондырғыларының техникалық жағдайын міндетті түрде тексеріңіз;
Мұржаларды уақытылы тазалап, түтіннің кері қайтуына жол бермеңіз;
Жанармай толық жанбау кезінде бөлінетін көміртегі тотығы (СО) өмірге аса қауіпті екенін ұмытпаңыз;
Пеш жағу кезінде бөлмені желдетіп тұрыңыз, есік-терезені толық бекітпеңіз;
Балаларды пеш пен газ жабдықтарына жақындатпаңыз.
Өрттің алдын алу және қауіпсіздік талаптары:
Электр сымдарының жарамдылығын, розеткалар мен қосқыштарды жүйелі түрде тексеріңіз;
Үй ішінде ашық отты қолданғанда аса мұқият болыңыз;
Газ және жылытқыш құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
Сіріңке, газ баллондары және тез тұтанғыш заттарды балаларға қолжетпейтін жерде сақтаңыз;
Электр құралдарын шамадан тыс жүктемеңіз, түнде қосулы қалдырмаңыз.
Қосымша қауіпсіздік кеңестері:
Үйге түтін датчигін (дыбыстық хабарлағыш) орнату уақтылы ескерту береді;
Жеке қауіпсіздік үшін алғашқы өрт сөндіргіштің болуын қадағалаңыз;
Газ иісін сезсеңіз бірден терезе ашып, электр жарығын қоспай, мамандарға хабарласыңыз;
Көп қабатты үйлерде эвакуациялық жолдарды бітеп тастамаңыз.
Өрт немесе төтенше жағдай байқалған жағдайда
101 немесе 112 нөміріне дереу хабарласыңыз!
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өміріңізді, жақындарыңызды және үйіңізді қорғаудың ең сенімді жолы!




